24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-4/500

251 рет
көрсетілді
35 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 29 мамыр, Астана қаласы Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі _____________Ә. Исекешев ___________ Е. Досаев 2015 жылғы 10 маусым 2015 жылғы 11 тамыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына 1-қосымша «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат; 2) порталда –мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде; 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің: дүйсенбіден жұмаға жейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. демалыс, мереке күндері – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97, 98 және 120, 127 және 128-баптарына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілетін қызметті берушімен бекітілген жұмыс уақыты кестесіне сай. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады; Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен асқаннан кейін өтінімдерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді Кодекске сәйкес жұмыс уақытына сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақытына сай жүзеге асырылады) 9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін); Порталда: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде). 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан __________________________________ (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ________________________________________ орган ведомствосының аумақтық _________________________________ бөлімшесінің атауы) __________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе ________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын ________________________________________ кәуландыратын құжатта бар болса), заңды мекенжайы ________________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ ________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі) Өтінім _________________________________мынадай карантинге жатқызылған өнімді (облыстан, қаладан) әкетуге карантиндік сертификат беруді сұраймын: 1 ______________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы, ________________________________________________________________________________ орын саны және орама сипаттамасы, айырым белгілері, ________________________________________________________________________________ межелі мақсаты) 2._______________________________________________________________________________ (өсімдіктердің ботаникалық атауы) 3. ______________________________________________________________________________ (облыстың (қаланың) атауы, карантинге жатқызылған ________________________________________________________________________________ өнімнің межелі мекенжайы) 4. ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімді тиеп жөнелту күні және орны) 5. _____________________________________________________________________________ (жөнелту станциясының атауы) 6. ______________________________________________________________________________ (межелі станцияның атауы) 7. ______________________________________________________________________________ (жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы) Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Басшы ________ _________________________________________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландаратын құжатта бар болса) 20__ жылғы «___» _______________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына 2-қосымша «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту; 2) порталда –мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде; 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің: дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. демалыс және мереке күндері – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97, 98 және 120, 127 және 128-баптарына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілетін қызметті берушімен бекітілген жұмыс уақыты кестесіне сай. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады; Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен асқаннан кейін өтінімдерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді Кодекске сәйкес жұмыс уақытына сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақытына сай жүзеге асырылады). 9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін); 3) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары. Порталда: 1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім. 2) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы электрондық құжат нысанындағы талаптары; Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға ұсынбауы; 2) карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы; 3) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарына сәйкес еместігінің анықталуы; 4) өтініш берушінің фитосанитариялық сертификат алудан өз еркімен бас тартуы. 5) межелі орынның өзгеруі жағдайын қоспағанда, уәкілетті органның ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінен ақпараттарды алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде бірнеше рет (2 рет және одан көп) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімді хабарламау және ұсынбау өнім иесіне фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде). 14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан _______________________________________________ (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган _______________________________________________ ведомствосының аумақтық бөлімшесі) _______________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке _______________________________________________ тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) ________________________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) Өтінім Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын: ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы, орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы) ________________________________________________________________________________ (өсімдіктердің ботаникалық атауы) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (фитосанитариялық талаптарға сәйкес фитосанитариялық сертификаттың қосымша декларациясында көрсетілуі тиіс мәліметтер) ________________________________________________________________________________ (залалсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер) ________________________________________________________________________________ (фитосанитариялық талаптарда не келісімшартта (шартта) көзделген карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру тәсілі) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды) жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялауды) жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау) қандай температурада жүргізілді) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды) ________________________________________________________________________________ жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат) ________________________________________________________________________________ (импорттаушы елдің атауы) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылатын өнімнің межелі мекенжайы) ________________________________________________________________________________ (көлік түрі, көлік құралының нөмірі немесе кеменің атауы, тасымалдау түрі) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнімнің жүру маршруты) ________________________________________________________________________________ (тиеп жөнелту күні, тиеп жөнелту орны) ________________________________________________________________________________ (сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортаушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауы) ________________________________________________________________________________ (карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел) Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Басшы________ ________________________________________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Мөр орны 20 __ жылғы «___» _______________ Қазақстан Республикасы Ауыл министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына 3-қосымша «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуге келісім-хат; Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде; Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жолданады. Қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен расталады және қызмет берушінің лауазымды адамы қол қояды. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде, өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; 2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін); Порталда: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электронды құжат нысанындағы өтінім. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады; портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде). 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Нысан __________________________________ (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган __________________________________________ ведомствосының аумақтық бөлімшесі) ___________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке ___________________________________________ тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басые растайтын құжатта бар болса) _______________________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) Өтінім Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объ